Қазақстанда әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы күштерінде әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

1996 жылғы 18 шілдеде «Қарулы күштердің әскери нышандары туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Әскери нышандар – бұл армияның ажырамас бөлігі, атрибуттар.

«Қазақстанның әскери нышандарына Қарулы күштердің нышаны (эмблемасы), туы мен жалауы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің тулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады. Қазақстан Қарулы күштерінің нышаны мемлекеттік тиесілілігін және қол сұғылмаушылығын айқын бейнелейді. Ол өткеннің дәстүрлерімен ұштастыра отырып, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын көрсетеді. Атап айтқанда, Қарулы күштер нышаны – шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген», делінген хабарламада. Әскери күштер түрінің тулары Қазақстан армиясына тиесілілікті және әскери ұжымның бауырластығы мен бірлігі идеясын білдіреді.

Биыл Қазақстан Қарулы күштерінде бірқатар кәсіби мерекелер мен атаулы күндер алғаш рет атап өтіліп жатыр. Олар Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы бұйрығымен бекітілген.

Соңғы жаңалықтар