Қазақстанда әскерге шақырылушы санатына жататын қанша азамат бар – министрлік жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде еліміз бойынша жалпы саны 800 мыңнан асатын әскерге шақырылушы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 800 мыңнан астам әскерге шақырылушы бар. Біз солардың жыл сайын 34-36 мыңын әскер қатарына шақырамыз. Биылғы күзде 18 мың азамат шақырылады. Ал, жалпы көктем және күзгі шақыру мерзімдерін қоса есептегенде олардың саны 36 мың болады. Жастардың ішінен денсаулығы жақсы, әскерге дайындалған, моральдық-психологиялық тұрғыдан шыңдалған азаматтарымызды әскерге жіберіп жатырмыз», - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі тілші сауалына орай.

Ғани Артықовтың айтуынша, бүгінге дейін әскерден жалтарған жастардың бірде-біріне ірі көлемде айыппұл салынбаған. Тек әскерге шақыру кезінде пунктіге уақтылы бармағандар немесе әскери тіркеу ережесін бұзғандар ғана аз көлемде айыппұл арқалапты.

Сонымен қатар, ол айыппұл салынған азаматтар әскери міндетін өтеуден босатылмайтынын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар