+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

2020 жылғы 25 ақпан 12:49
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юрий Тимощенконың айтуынша, несиесі болғандықтан әскерге шақырылушылар Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр.

«Салдарынан сарбаздың несиесі оның жақындарына салмақ болып түседі және сарбаздың психоэмоциялық жай-күйіне ықпал етеді. Сондықтан, әскери қызмет уақытында несие төлемін және өсімін уақытша тоқтатуды ұсынамыз», - деді депутат ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында.

Қазіргі уақытта әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасы төлеуге мәжбүр, төленбеген жағдайда банк өсімпұлы қосылып жатыр.

«Үкіметке әскери қызмет кезінде несиені уақытша тоқтату туралы ұсыным жібердік. Бизнестің бұл ұсынысты қалай қабылдайтынын білмейміз, бірақ мұндай қадамды жасау қажет», - деді Ю. Тимощенко.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT