+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстанда «Ашық үкімет» платформасы құрылды

2021 жылғы 13 қаңтар 15:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «Ашық үкімет» платформасы құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Ашық үкімет» платформасы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің жазуынша, аталмыш жоба мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ашықтығын анықтау мақсатында қолға алынған.

«Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудан тұрады. 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:00-де «Astana Hub» базасында «brainstorm» конференциясы өтеді, онда біз «Ашық үкіметті» дамыту тұжырымдамасын талқылаймыз. Барлық ниет білдіруші азаматтарды талқылауға шақыра отырып, ашық үкіметті одан әрі дамыту үшін ұсыныстарды бірге қарастырғымыз келеді. Біздің мамандар талдау жүргізіп, проблемалық мәселелерді анықтады. Олардың шешімдері сервис жұмысын едәуір жақсартады. Ал біздің мақсатымыз сервисті барынша пайдалануға ыңғайлы әрі оңай етіп жасау.

Біз барлығын қабылдауға дайынбыз. Сондықтан «Ашық үкіметті» жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар енгізе алатын журналистерді, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, блогерлерді және түрлі саланың мамандарын қатысуға шақырамыз. Талқылауға қосылу үшін мына https://zoom.us/j/92044191804 сілтемесіне өту керек»,-делінген хабарламада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT