Қазақстанда асхананы жалға алу құны арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қыркүйегінде коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,2 пайыз өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың басынан бері өндірістік бөлмелерді жалға алу бағалары 1,8 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету, қызмет бөлмелері - 0,7 пайыз өссе, паркингтерді жалға алу бағалары 1 пайыз төмендеген.

Биылғы жылдың қыркүйегінде өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда көлік жуу орындарын жалға алу бағалары 1,8 пайыз, көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансаларын жалға алу - 4,5 пайыз, өндірістік базаларды жалға алу бағалары - 2,3 пайыз, шаштараз, сән салондарын жалға алу - 2,2 пайыз қымбаттаған.

Жер үсті ашық және жабық паркингтерді жалға алу - 1 пайыз, асханаларды жалға алу - 0,8 пайыз арзандаған.

Соңғы жаңалықтар