Қазақстанда ас үй жиһазына тапсырыс артқан

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың қаңтар–қыркүйегі аралығында Қазақстанда жиһаз өндірісінің көлемі 46 742 млн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өндірістің ең үлкен өсімін отыруға арналған металл қаңқалы жиһаз сегменті көрсетті – 9,8%. Тоғыз айдың ішінде 869 128 данасы өндірілді.

Сондай-ақ ас үй жиһазы бойынша да өсім байқалды – 72 991 дана. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% көп.

Ағаштан жасалған кеңсе жиһазының өндірісі керісінше 10,1% төмендеген, құрастырылған өнім саны – 173 307 дана», - делінген ведомство мәліметінде.






Фото: investvlg.ru


Соңғы жаңалықтар