Қазақстанда арнаулы әлеуметтік мекемелерде 5,1 мың мүгедек бала тұрып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде 37 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 5,1 мыңы – мүгедек балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша, Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін: стационарлық үлгідегі – 162, жартылай стационарлық үлгідегі – 64, уақытша болуға арналған – 29 және арнаулы көмектің бірнеше түрін көрсететін 1 мекеме жұмыс істеді. Оларда 37 359 адам тұрып жатты. Оның 71,8% - 30-39 жас, 10,8% - 40-49 жас, 10,7% 50-58 жас аралығындағы азаматтар. Тағы 33,4% 64-тен асқандар.

Арнаулы мекемеден пана тапқандардың 31,7% жасы бойынша зейнетке шыққандар құрайды. Жалғыз ілікті туыссыздар – 15,4%, белгілі тұрағы жоқ адамдар - 5,1%, ақы төлеп тұратындар 2,1%, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары - 0,3%, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар - 0,1%.

«2020 жылдың соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің саны 4016 адамды (17,1%) құрады, мінез-құлқындағы психикалық ауытқулары бар - 17955 адам (76,3%).

Осы ұйымдарда қызмет көрсетілетін 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 2020 жылдың соңында 5184 баланы құрады немесе жалпы тұрғындар санының 13,9%. Бірінші топтағы мүгедектердің үлесі осы ұйымдарда тұратындардың жалпы санынан - 10,2%, екінші топ - 38,4%, үшінші 0,5% құрады», - деп жазады Ұлттық бюро.


Соңғы жаңалықтар