Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар саны өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар саны өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылдың соңында Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым (2021 жылы – 272 бірлік) болды, оның ішінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар.

Тіркелген ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 31 бірлік, ең азы Ұлытау облысында – 3.


Соңғы жаңалықтар