Қазақстанда Армия халықаралық ойындары аяқталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Отар» 40-ншы әскери базасының полигонында өткен әскери ойындардың салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда,бүгін сонымен қатар жеке және командалықсынақта үш конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Аталған ойындардың бірі «Сенімдіқабылдау» сайысында қазақстандық әскери байланысшылар нағыз жеңімпаз атанды, алекінші орынды Ресей мен Қытай өзара бөлісті, үшінші орын – Беларусь елініңеншісінде. Бұдан өзге, сайыста жоғары кәсібилік көрсетіп, жеке аталымдар менмарапаттарға ие болған бірқатар қатысушы аталып өтті.


Байланысты қабылдауда және тыңдаудақазақстандық команданың сержанты Нұрбол Алдабергенов үздік радиотелеграфист дептанылды. Қазақстандық команданың тағыбір өкілі кіші сержант Дидар Сейсебаев радиобағдарлау бойынша үздік спринт жәнеүздік маман ретінде аталды. Сайыстың үздік мергені – Беларусь командасының ағалейтенанты Евгений Бриль, радиобағдарлама беру жөніндегі үздік радиотелеграфист– қытайлық кіші сержант Хуан Шэн болды. Ұшқышсыз ұшу құрылғылары есептоптарыныңарасындағы «Сұңқар салу» сайысында Қазақстан бірінші орын алды. Командақарсыластарын дайындық жылдамдығы мен ұшқышсыз ұшу құрылғыларының ұшунәтижелерімен анықтады, бақылау нүктесінің бағытымен ұшып өтуде қазақстандықтарүздік нәтиже көрсетті. Екінші орын Ресей мен Беларусь, үшінші орын – Иранныңқанжығасына байланды.


Жеке сынақта ирандық капитан МоххамадДехган ҰҰҚ үздік операторы атанды, үздік мерген – Беларусь аға лейтенантыВладислав Ростовский, ал Ресейлік капитан Дмитрий Посевин ҰҰҚ үздік техник дептанылды.

Армия ойындарының ауқымдыконкурстарының бірі – «Артиллерия атысының шеберлері» бойынша - алтын медальҚазақстан әскери қызметшілерінің қоржынында, күміс жүлдеге ресейліктер лайық дептанылса, қола жүлде өзбек ағайындарға бұйырды. Бұл сайыста Қазақстанкомандасының бірінші мина атқыштар тобы үздік мина атқыш есептоп атанды,қазылар алқасының шешімі бойынша қазақстандық әскери қызметші - ҒайбутдинӘбдірахманов өзін үздік граната атқыш ретінде көрсетті. Аға сержант ВячеславЕмельянов (Ресей) үздік мина атқыш командирі, сержант Фарух Одилов (Өзбекстан)үздік механик, ал сержант Хикмет Атакашиев (Әзербайжан) үздік көздеуші атанды.


Қазақстан әскери ойындарды өз жеріндетөрт жыл қатарынан өткізуде. Жыл сайын елімізге түрлі елдерден жәнеконтигенттерден әскери кәсіпқойлар халықаралық деңгейдегі шеберліктерінкөрсетуге келеді.


Соңғы жаңалықтар