Қазақстанда аренда дүрбелеңі басылып, жалдамалы пәтердің ақысы төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы мен сұранысына талдау жасаған Krisha.kz ресурсы пәтерақы дүрбелеңі бәсеңдегенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторингке сенсек, 5-12 қазан аралығында жеті қалада пәтерақы бағасы керісінше сәл түскен.

Атап айтсақ, Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында пәтерақы 10% төмендеген.

Ал Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында пәтерақы әлі қымбаттап жатыр.

Пәтерақының шарықтау шегі:

- Алматыда - 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін;

- Астана – 5 қазаннан бастап;

- Орал - 2 қазаннан бастап тіркелді.

Алматыда нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты төмендеу әлі байқалмай отыр.

Бір қызығы, Түркістан, Тараз, Көкшетауда пәтерақы мен сұраныс өзгермеген деуге болады.


Соңғы жаңалықтар