USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді

2021 жылғы 3 желтоқсан 07:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда артық салмақ пен семіздікке шалдыққан балалардың саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы трагедиясы: Тағы 2 науқас көз жұмды Алматылық дәрігерлер тамағына сүйек тұрып қалған әйелді аман алып қалды Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

«Біздің зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанда бес баланың бірінде артық салмағы бар және балалардың 6%-ы семіздіктен зардап шегуі мүмкін. Артық салмақ пен семіздік болашақта алдын алуға келмейтін ауруларға әкелуі мүмкін. Бұл мемлекет пен қоғамның мәселесі. Себебі, ол аурулармен күресу үшін көп ресурс салу қажет болады»,- деді БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі, елдік кеңсенің басшысы Артур ван Дизен.

Оның айтуынша, бұл мәселе тек Қазақстанда ғана кездеспейді.

«Біз өмір сүру деңгейі жайлы деңгейге жеткен барлық елдерде осы мәселенің бар екенін көрдік. Көп себептердің бірі - балаларда тез және зиянды тамақтануға қол жетімділіктің болуы. Олардың физикалық белсенділігі төмен, себебі, олар аз қозғалады. Сондықтан мұнда балалардың өздерін, ата-аналарын, балаларға дұрыс тамақтану бойынша қамқорлық жасайтын адамдарды ақпараттандыруға бағытталған кең ауқымды стратегия қолданылуы керек»,- деді ол.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен шетелдерде қолданылатын сәтті тәжірибелерден бірнеше мысал келтірді.

«Бұл - өнімнің, тағамның таңбалануы. Егер тауарларда қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл таңбалау болса, олар денсаулық деңгейін көрсетеді. Бала бұл затты сатып алғанда, өнімнің зиян деңгейін біледі.

Келесі шешім қаржылық әдіске байланысты. Бұл зиянды тағамдар мен сусындарға (мысалы, қанты көп) салық салу. Бұл - мәселені шешудегі көп тәсілдің бірі ғана. Мұндай тәжірибе Ұлыбританияда болды және ол екі нәрсеге әкелді. Біріншісі - зиянды тағамды тұтыну төмендеді, екіншісі - өндірушілер сусындардың құрамын өзгерте бастады», - деді ол.

Бұдан бөлек, спикер ЮНИСЕФ-тің ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге мектептегі тамақтануға қатысты мәселелерді пысықтағысы келетінін жеткізді.

«Балалардың тамақтану әдеті отбасында, сондай-ақ, мектепте дамиды. Сол үшін мектепте қолжетімді, неғұрлым байытылған тағамдар жасаған дұрыс. Біз дұрыс тамақтану стратегиясын жасау үшін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау кеңесімен жұмыс жүргіздік. Бұл стратегия қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде талқылануда», - деп түйіндеді ЮНИСЕФ өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT