Қазақстанда әрбір алтыншы жүктілік түсік жасатумен аяқталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2013 жылға дейін Қазақстанда түсік жасату көрсеткішінің азаюы тіркелді. Бұл туралы «Жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Галина Гребенникова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Қазақстанда 2013 жылға дейін аборттың азаюы үрдісі өте жақсы болды. Алайда кейінгі кезде бұл көрсеткіштің артқанын байқап отырмыз», - деді Галина Гребенникова елордадағы отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция барысында.

Оның айтуынша, бұл мәселеде түрлі себеп бар. Яғни отбасын жоспарлау мәселелері мен контрацепция қызметтерінің болмауы және денсаулық жағдайының проблемалары кездеседі.

«Осы ретте түрлі себептерді айтуға болады. Солардың бірі ретінде контрацепция қызметтері айтарлықтай қымбатқа түсуін айтуға болады. Осы мәселелерді ескере отырып, Қазақстанда әрбір алтыншы жүктілік түсік жасатумен аяқталады», - деді Галина Гребенникова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы ЮНФПА-ның жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі жобасының үйлестірушісі Гаухар Абуова әйелдердің 35 жастан кейін бала туу көрсеткіші екі есеге жуық азайғанын айтты.

Айта кетейік, 17 қарашада елордада Отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция басталды.


Соңғы жаңалықтар