Қазақстанда арақтың ең төменгі бағасы белгіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда арақ және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағасы белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2021 жылдың 31 наурызындағы № 187 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес арақтарға және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленді», делінген хабарламада.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Еске сала кетсек, елімізді былтыр арақ өндіру 14 пайызға өскен.


Соңғы жаңалықтар