Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада жергілікті және орталық атқарушы органдарда тағайындаулар көп болмады. ҚазАқпарат апта ішіндегі кадрлық ауыс-түйіске шолу ұсынады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды, бұл қызметке Асқар Тойшыбеков келді.

Бұған дейін Асқар Тасболатұлы Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

***

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды.

Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитария дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы бұрынғы Гурьев облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының тағам гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып бастады.

1999-2000 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің меңгерушісі;

2000-2001 жылдары Атырау обаға қарсы күрес стансасының аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігер бактериологы;

2001-.2001 жылдары Атырау обаға қарсы күрес стансасының эпидемиологиялық зертханасының меңгерушісі;

2001-2003 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігерінің орынбасары;

2003-.2005 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарма бастығының орынбасары;

2005-2008 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары;

2008-2009 жылдары Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары; 2009- 2013 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары;

2013-2014 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

2014-2017 жылдары Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

2018-2019 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;

2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары болды.

***

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалды.

Есетжан Мұратұлы мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін басқарған. Медиакомпаниялар мен қоғамдық құрылымдарға басшылық жасап, мәдениет саласында түрлі жобаларды ұйымдастырған.

Ол 1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Ірі халықаралық өнер форумдарын, қоғамдық акцияларды, іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан.

Әр жылдары «АРТ-Центр» продюсерлік орталығының бас директоры, «Алматы – моя первая любовь» ретро фестивалінің продюсері және жүргізушісі болған. «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивальдерінің іргетасын қалағандардың бірі.

«Асыл мұра» қамқоршылық кеңесінің құрамында болған, соның арқасында көрнекті қазақ композиторларының шығармалары бар бір жарым мыңнан астам мұрағаттық жазбалар қалпына келтірілген.

Бірнеше жыл бойы мәдени-қоғамдық институттарды басқарған. Коммерциялық және қаржы құрылымдарын басқару тәжірибесі бар.

1998 жылы Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум – «Евразия» Бірінші халықаралық кинофестивалінің бас директоры болып тағайындалған. Е.Қосубаевтың шығармашылық өмірбаянында жеке актерлік тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар