+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

2020 жылғы 22 қараша 11:54
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдарда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды Атырау облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің қаулысымен Асқар Жамбакин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2009 жылы Манчестер университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған. 2010-2011 жылдары — «HSBC Қазақстан банкі» АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері. 2011-2014 жылдары «Қазақстанның даму банкі» АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры болып жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарған. 2017-2018 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі. 2018 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтіне Ерғали Білісбеков кірісті.

Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы. Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған. 1983-1984 жылы Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші. 1984-1988 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы. 1988-1990 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант. 1990-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорында басшылық еткен. 2008-2011 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012-2014 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2014-2017 ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы. 2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы. 2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.


Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Мұрат Қатпанов тағайындалды.

Мұрат Қатпанов 48 жаста. Ол Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Екі жоғары оқу орнын - Қарағанды педагогикалық институтын және Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облысының Азаматтық қорғаныс штабында халықты оқытуды дайындау бөлімінің оқытушысы лауазымынан бастаған. 1997 жылдан бастап ТЖ органдарында жұмыс істейді. 2005 жылы Қарағанды облысы ТЖД күштер мен құралдар бөлімін басқарды, 2008 жылы авариялық-құтқару қызметтері басқармасының бастығы болды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.


Ал азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаев Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды

Ермек Момбаев 1977 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойыншат аяқтаған. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 1995 жылдан бастаған. 2015 жылдың маусымында Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған. 2018 жылдың шілдесінде Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы лауазымына тағайындалған.


Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2018-2019 жылдары С.Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Ол Президенттің департамент қызметіне қатысты сынынан кейін өз еркімен жұмыстан кетті. 2020 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін Павлодар облысының бас санитар дәрігері болды. 31 наурызда Көліктегі бас санитарлық дәрігер лауазымына тағайындалды. Шілде айында ол бірнеше апта ғана Атырау облысының бас санитар дәрігері болды. Айдың соңында Байғабылов Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне қайта оралған еді.


Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметіне Ринат Джанглишов тағайындалды

Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, «мұнай-газ ісі» мамандығын алған. Еңбек жолын 2005 жылы экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде аға тергеуші болып бастаған. 2010 жылдан құрылыс саласындағы жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, 2018 жылдың қазан айынан бастап Атырау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2019 жылдың қараша айынан бастап қазірге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Мұрат Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Ол 1988 жылы 15 желтоқсанда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Бұған дейін Қостанай облысы әкімінің көмекшісі, Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT