Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2022 жылғы 25 қыркүйек, 11:40
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы аптада еліміздің жергілікті атқарушы органдары мен министрліктерінде, сот жүйесінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Атап айтқанда, қала мен аудан әкімдері жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

***

Серік Кеңесұлы Әшіров ҚР Премьер-Министрі Протоколының бастығы болып тағайындалды.

***

Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметіне Арман Жүкенов тағайындалды.

А. Жүкенов сот жүйесінде 16 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жоғарғы сотта, Алматы, Астана қалаларының соттарында қызмет атқарған.

Айта кетсек, Арман Серіктайұлы Жүкенов 1983 жылы Абай облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтында білім алған.

***

Осы аптада Жетісу облыстық сотының жаңа төрағасы ретінде Ержан Кененбаев таныстырылды. Бұған дейін ол Алматы қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.

Ержан Әбдірақымұлы 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1992-2007 жылдары Алматы қаласының прокуратура органдары мен түрлі мекемелерде заңгер болып қызмет атқарған. 2007-2014 жылдары Алматы облысы Панфилов аудандық сотының судьясы болды.

***

Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Асқар Бегманов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Халықаралық мамандықтар институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі көмекшісі болып бастады. 2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде департамент директоры болды.

***

ҚР Үкіметінің қаулысымен Иран Шарханұлы Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Иран Шархан 1987 жылы 18 қыркүйекте Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2012 жылы Қазақ экономикасы, каржы жане халықаралық сауда университетін бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласы, «Иран» ЖШС маркетинг жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін ҚР ИИДМ Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болды.

***

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Медет Шәріпханұлы Дүйсембаев «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Медет Дүйсембаев Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Қазақстан гуманитарлық-заң инновациялық университетінің, Уорик университетінің (Ұлыбритания) және Мадридтегі Халықаралық бизнес мектебінің түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы мұнай-химия және мұнай-газ салаларында инженерлік-техникалық позицияларда бастады.

2019 жылы ол президенттік жастар кадр резервіне алынды.

***

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Талас ауданының әкімі болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы тағайындалды.

Н. Әбдімажитұлы 1981 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану», 2007 жылы А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржы», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.

2017 жылғы қыркүйектен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

***

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі қызметіне Қанат Болатұлы Есболатов тағайындалды.

Қ. Есболатов 1982 жылы туған, білімі жоғары. Д. Қонаев атындағы университетті «юриспруденция», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданында «Досанов К.С.» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған. 2022 ақпанынан бері Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды.

***

Қарағанды облысының Шахтинск қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл міндетті енді Мұрат Қыдырғанбеков атқарады.

Бұған дейін ол Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасын басқарған.

***

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі болып Нүркен Сайфиддинұлы Көбжанов тағайындалды.

Бұған дейін ол Осакаров ауданын басқарған болатын. Нүркен Көбжанов мемлекеттік қызметте шамамен 15 жыл жұмыс атқарып келеді.

***

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметіне Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетов тағайындалды.

Бұған дейін ол осы ауданда әкімнің орынбасары болып жұмыс істеген.

Руслан Нұрмұханбетов мемлекеттік қызметте 16 жылдан астам уақыт жұмыс атқарып келеді. Еңбек жолын 2005 жылы Осакаров ауданы Молодежный кенті әкімі аппаратының маманы болып бастаған.

***

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Мақсат Елемесов Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мақсат Мұратұлы 1975 жылы 15 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданы Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Орман және бақ-саябақ шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Канонерка орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнында жұмысшы болып бастады.

***

Шығыс Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы тағайындалды.

Бұл лауазымға Қайрат Мейрембеков бекітілді. Қ. Амангелдіұлы 1964 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Сібір орман техникалық институтын, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы орман шаруашылығы инженері, экономист.

2014 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас кеңесшісі, бас инспекторы болды.

***

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Закария Есболатұлы Тұралиев Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

Закария Есболатұлы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – мемлекеттік және жергілікті басқару, орман шаруашылығы инженері.

2015 жылдан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметінде болды.

***

Алматы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментнің басшысы болып Барлық Төреханов тағайындалды.

Барлық Адепханұлы 1979 жылы Алматы облысында туған. 2012 жылы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін, 2013 жылы «қоғамдық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Дюк университетін (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ) тәмамдаған. 2022 жылдың маусымынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

***

Олжас Ағабеков «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Олжас Ағабеков 1984 жылы 30 шілде күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да менеджер лауазымынан бастаған.

***

Мейіржан Әлібекұлы «Жетінші арна» бас директорының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мейіржан Әлібекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін тәмамдаған.

БАҚ саласында 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі медиаменеджер. Еңбек жолын 2005 жылы «Атырау» облыстық телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасында редактор-жүргізуші ретінде бастаған.

***

Алёна Горбачёва «Жетінші арна» бас директорының ақпарат тарату мәселесі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды.

Алёна Горбачёва – тәжірбиелі медиаменеджер, БАҚ саласында 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қызмет жолын 2007 жылы «Астана» арнасында халықаралық бөлімнің редакторы болып бастады.

***

Қазақстанның 16 өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды.

Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кандидаттар тізімі әлі қаралып жатыр.

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ ТІЗІМІ:

Бимендина Әсима Темкенқызы (Астана қ.)

Болатбаева Тілектес Аманқосқызы (Маңғыстау облысы)

Вероцкая Гүлжан Ералықызы (Түркістан облысы)

Еділ Қонайұлы (Ақтөбе облысы)

Каленова Аксана Александровна (Шығыс Қазақстан облысы)

Аманқұлова Арайлым Жұмағалиқызы (Қостанай облысы)

Өтебалиева Шаттық Саматқызы (Батыс Қазақстан облысы)

Сисекенова Райхан Маратқызы (Жетісу облысы)

Бағжанов Дәурен Оралұлы (Жамбыл облысы)

Покидова Наталья Сергеевна (Павлодар облысы)

Жазықбаева Жаннета Қанайқызы (Шымкент қ.)

Киселева Ирина Болеславовна (Қарағанды облысы)

Сұрағанова Сәуле Қуандыққызы (Солтүстік Қазақстан облысы)

Асаинова Әсем Әнуарбекқызы (Ақмола облысы)

Есімбекова Айгүл Қанатқызы (Алматы облысы)

Жүнісова Эльзира Әуесханқызы (Абай облысы)

***

Айта кетейік, Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесі (ОАЕКК) мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осы ұйымның Бас хатшысы болып сайланды.

Еске салайық, Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі 2021 жылдың қарашасында үш мемлекеттің – Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ірі кәсіподақ бірлестіктерін біріктіру туралы бірлескен шешімнен кейін құрылған болатын.


Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar