Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
2022 жылғы 29 мамыр 11:43

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен апта ішінде елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 мамыр күні экономист Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл жайында министр Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Сол күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Динара Жұмашева аталған өңірдің білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Динара Нағимоллақызының «тарих пәнінің мұғалімі» және «заңгер» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, тарих ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы орта мектепте тарих және экономика пәндерінің мұғалімі болып бастады.

2002-2006 жылдар аралығында Маңғыстау облысының білім департаментінде бас маман;

2006-2007 жылдар аралығында облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында бөлім бастығы;

2007 – 2009 жылдар арылығында аталған басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған;

2009-2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасының тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы;

2010-2011 жылдар аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы;

2011-2015 жылдар аралығында облыстық білім басқармасының басшысы болды;

2015 жылы облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері;

2015-2017 жылдар аралығында облыс әкімдігінің «Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» өңірлік орталығының директоры;

2017-2018 жылдар аралығында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарды;

2018 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың наурызға дейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының бас директорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

23 мамырдағы тағы бір тағайындау - Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

Ерлан Алдажұманов 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987).

Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы - директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған.

Орден және медальдармен марапатталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор.

Сондай-ақ, дүйсенбі күні Ішкі істер министрінің бұйрығымен Думан Таев Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавл қаласының ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін, кейін Петропавл қаласының ІІБ басқарды. Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавл қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.

24 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ерлан Жаров Тимирязев ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ерлан Жаров 1982 жылы туған.

Екi жоғары бiлiмi бар: 2003 жылы Қарағанды «Фемида» заң академиясын «заңтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Көкшетау қаласындағы «Дезинфекция» АҚ заңгер болып бастаған.

2003 жылдан бастап 2015 жылға дейін Тайынша аудандық әкімдігінде бірқатар қызметті атқарды. Аудан әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

2015-2016 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласы «Агрофирма Қазэскпортастық» ЖШС бас директордың орынбасары болды.

2015-2018 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданы Зерендi ауылында «Зеренда-Астык» ЖШС директоры лауазымын атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында Ақмола облысы Зерендi ауданы «Қызылегіс» фермерлік шаруашылығының басшысы болды.

2019 жылдан осы тағайындауға дейін Тайынша ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк мәселелер жөнiндегi орынбасары болып еңбек етті.

25 мамырда Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Тойбаев ведомствоға қарасты Ғылым комитеттің төрағасы болып тағайындалды.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.

2008-2009 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістеме бөлімінің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директор.

2011-2017 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістеме бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор.

2017-2018 жылдары - Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.

2018 жылдан бастап қазірге дейін БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сол күні Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин тағайындалды.

Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.

2005-2007 жылдары Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары Алматы қаласының Өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры болды.

2012 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, басшысы қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік жасады.

2019 жылдан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

25 мамырдағы тағы бір тағайындау Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Еставлетов келді.

Сондай-ақ, Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті.

Батырбек Еставлетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.

Сәрсенбі күнгі тағы бір тағайындау Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

25 мамыр күнгі тағы бір кадрлық ауыс-түйіс конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Нұрлан Нұрсұлтан Батыс Қазақстан облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Нұрсұлтан 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Сонымен қатар Манчестер университетінде (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы аясында магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2015 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау бөлімінің маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымықтастық бөлімінің басшысы, Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы, БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы ақпараттандыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшының орынбасары болып қызмет етті.

25 мамыр күнгі тағайындаулардың қатарында Алматы облысы бойынша Антикор басшылығының тағайындалуы бар. Атап айтқанда, Мақсат Жебегенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды.

Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген.

2002-2022 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

26 мамыр күні конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Мәди Жангелдіұлы Отарбаев Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мәди Отарбаев 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазақ ұлттық сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы және Қазақ Ұлттық құқық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары құрылыс компанияларында инженер, директор, Орал қаласы сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім бастығы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі департаментінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы, Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін Талғар ауданы құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

Сол күні Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы болып Ерден Рашидұлы Хайруллин тағайындалды.

Ерден Рашидұлы Хайруллин 2009 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы, 2011 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Бейсенбі күні Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды.

Аталған кандидатуралар қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалды.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;

Сондай-ақ, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.

27 мамыр күні Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жанат Сабыржанұлы Ахметов Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Жанат Ахметов 1986 жылы Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген.

Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету басқармасы сарапшысының міндетін атқарудан бастады.

2008-2012 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары - Экономикалық даму және сауда министрлігі Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.

2013-2016 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2014 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігінің) Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары - Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары.

2019 жылғы сәуірден бастап қазірге дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Заң департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар жұма күні Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының бас прокурорлары ауысты.

Мемлекет басшысының келісімімен Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысының прокурорлары тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы тағайындалды.

Ерлан Өтегенов 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.

Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.

2019 жылдың маусымынан бастап, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

Сол күні Қарағанды облысының прокуроры болып, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мырзакеров Бауыржан Қыпшаұлы тағайындалды.

Бауыржан Мырзакеров қызмет жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизонында әскери прокурордың көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Шымкент, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарында әскери прокуратураның басшылық қызметтерін атқарды.

Павлодар облысы, Бас әскери прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы болды.

2019 жылдың сәуірінен бастап елордалық прокуратураны басқарды.

Апта соңындағы тағы бір тағайындау Жаннат Дүбірова ҚР Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Ж.Дүбірова ақпараттық технологиялар, статистикалық деректерді жинау және өңдеу процестерінің әдіснамасы мен автоматтандырылуы, Data менеджментті дамыту және өзгерістерді басқару мәселелеріне жетекшілік етпек.

Жаннат Дүбірова бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы болып жұмыс істеген.

Квазимемлекеттік және жеке секторларда, оның ішінде консалтинг саласында PwC-де жұмыс тәжірибесі бар.

«Bimash» ЖШС мета-деректер әкімшісі, жобалар жетекшісі, «Цеснабанк» АҚ IT департаменттің бас менеджері, ENRC Group өндіріс IT менеджері, IT директордың орынбасары, «PricewaterhouseCoopers» ЖШС кеңесші менеджер, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК басшысы қызметін атқарды.

2008 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, техника және технология бакалавры.

Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің Ақпараттық технологиялар және IT Менеджмент магистрі (2015 жыл).

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі (2019 жыл).


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT