Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
2021 жылғы 12 желтоқсан 14:10

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен апта ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде елеулі кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Асқар Жақыпбаев 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Мыңбұлақ совхозының құрылыс бөлімінде жұмысшы болып бастаған.

1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін Мыңбұлақ совхозының ветеринар дәрігері, комсомол комитетінің хатшысы, Мыңбұлақ ауылы әкімдігінің ветеринар инспекторы болып жұмыс істеді.

1996-1997 жылдары — Аягөз ауданының бас мал дәрігерінің эпизоотия жөніндегі орынбасары.

1997 жылы Семей облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы қызметін атқарды.

1997-1999 жылдары ШҚО Ветеринария комитетінің эпизоотияға қарсы емдеу-профилактикалық бөлімінің жетекші маманы, кейін меңгерушісі болды.

1999 жылы Шығыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасы ветеринариялық бақылау станциясы директорының орынбасары, кейін басшысы болды.

1999-2002 жылдары – ҚР АШМ Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары.

2002-2006 жылдары – ҚР АШМ Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары.

2006-2011 жылдары – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары; басшысы.

2011 жылы – Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы; ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2011-2016 жылдары – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2016-2017 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы.

2017-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2019-2021 жылдары – ШҚО бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының АӨК дамыту бөлімінің басшысы.

2021 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ШҚО бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Тілепберген Каюпов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Тілепберген Ерсайұлы 1976 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін бухгалтер-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, БҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Жаңа қызметінде Тілепберген Каюпов қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту мәселелеріне жетекшілік етеді.


Jańalyqtar

MURAǴAT