USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2021 жылғы 21 қараша 12:35
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада 15-21 қараша күндері Қорғаныс және Мәдениет министрліктерінде және бірқатар өңір әкімдіктерінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат апта ішінде болған осы және өзге де тағайындауларға шолу ұсынады.

Апта басында Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды . Оның орнына Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов тағайындалды .

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Ресей Федерациясының Астрахан облысында туған. Ташкент жоғары танк училищесін бітірген; Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы; Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болған.

Еңбек жолы: Германиядағы кеңес әскерлері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары – штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары – штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі (1986-2005); «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары (2006-2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (2010-2012); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (2012-2013); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016-2019). 2019 жылдың қазан айынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып қызмет істеді.

Сонымен бірге, ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Ерғалиев Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады. 2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2018-2020 жылдары — «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры. 2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы. 2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.


Өңірлер бойынша, Батыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметіне Ерлан Ғалиев тағайындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Ерлан Ерсайынұлы 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қазақ тілі мен әдебиеті, экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Жалпақтал ауданында Ғ.Молдашев атындағы, Орал қаласында №41 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, №19 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болды. Сондай-ақ Орал қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары, Орал қаласы жер қатынастары бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады. Жаңа қызметке дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Павлодар облысының туризм және спортты дамыту жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Дәуір Ерғабулов тағайындалды.

Дәуір Қуатұлы 1990 жылы туған. 2012 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Заңгер», 2015 жылы «Экономика» мамандықтары бойынша аяқтаған. 2018 жылы «Нархоз» университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

2012-2014 жылдары Павлодар ауданы әкімінің аппаратында еңбек етті. 2016-2017 жылдары Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Астана» мұз сарайы мекемесі директорының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы Жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорт ғимаратының басшысы болды. 2019-2021 жылдары Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Дәуір Ерғабулов - Қазақстан Республикасының муайтай бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері, 2011 жылғы муайтай бойынша Әлем чемпионатының қола жүлдегері, муайтайдан Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионы.


Сондай-ақ, Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасарлығына Марат Зенов тағайындалды.

Марат Зенов «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Ақсу қаласының құрылыс бөлімі», «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының қызметін қадағалайды.

Марат Балтабайұлының жоғары білімі бар, біліктілігі бойынша инженер-экономист, 2010 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі академиялық дәрежесі берілді. Жалпы қызмет өтілі 15 жыл, мемлекеттік қызметте 14 жыл, басшы лауазымдардағы еңбек өтілі – 10 жыл. 2016 жылғы маусымнан 2019 жылғы маусымға дейін «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды. Осы лауазымға дейін «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарған.


Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ербол Жиенқұлов облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының аға маманы болып бастаған. 2012-2017 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалында жетекші маман, бас маман болып жұмыс жасаған; 2017-2020 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы; 2020 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT