+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2021 жылғы 12 қыркүйек 10:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен апта ішінде елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты БҚО-ның Тасқала ауданына жаңа әкім тағайындалды Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Аптаның алғашқы күні Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992-1999 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы. 2000-2008 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің Инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы. 2008-2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры. 2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры. 2012-2013 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры. 2013-2014 жылдары — ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитетінің төрағасы. 2015-2020 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.

6 қыркүйек күні орын алған тағы бір тағайындау Марат Құсайынов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары лауазымына кірісті.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.

Дәл сол күні Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Бердібек Әбдірзақұлы Марқабаев тағайындалды.

Бердібек Әбдірзақұлы 1967 жылы Маңғыстау облысында туған.

Алматыдағы зоотехникалық институтының түлегі. Еңбек жолын 1992 жылы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бюросында маман болып бастап, кейінгі жылдары Маңғыстау облыстық ауамақтық басқармасында малдәрігерлік бөлімінің бас маманы, республикалық ветеринария зертханасында бөлім меңгерушісі, Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болды.

7 қыркүйек күні ҚР Президентінің Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 1967 жылы туған.

Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор. 1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары. 1996-2006 ж.ж - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да инженер, бас директор. 2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін - «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры. 2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін- облыс әкімінің бірінші орынбасары. 2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі. 2019 жылдың 18 желтоқсанынан соңғы тағайындауға шейін ҚР Энергетика министрі болып қызмет істеді. 2010 жылы «Құрмет орденімен марапатталған.

Сейсенбі күні ҚР Президентінің Жарлығымен Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында туған.

1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1981-1990 жылдары «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде бетоншы болып жұмыс істеген. 1990-1994 жылдары – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы. 1994-1995 жылдары – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы.1995-2004 жылдары – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры. 2004-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі. 2012-2015 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі. 2015-2017 жылдары – Ақтау қаласының әкімі. 2017 жылы қараша айында 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты. 2019 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысының әкімі болып қызмет етті. «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

8 қыркүйекте Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Данияр Қуанышбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Данияр Қуанышбаев 1985 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар.

2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті, кейін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ді «құрылыс» мамандығы бойынша тәмәмдап, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды. Еңбек жолын Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылғы 23 шілдеден бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.

Бейсенбі күні Сенаттың жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Жақанның өкілеттігі тоқтатылып, лауазымынан босатылды.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечинаның айтуынша, комитет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрайымының Есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Талғат Амангелдіұлы Жақанның басқа жұмысқа ауысуы туралы өзі берген өтінішіне байланысты өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы ұсынысын қарап шықты.

Т. Жақан Есеп комитетінің мүшесі болып 2016 жылы 16 қыркүйекте Сенаттың қаулысымен тағайындалды.

9 қыркүйек күні ҚР Президенті Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

«Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР мұнай газ вице-министрі. ҚР Энергетика министрінің орынбасары (2014-2019). 2019 жылдың маусымынан бері Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.

Жұма күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев 1972 жылы Павлодар қаласында туған.

Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын бітірген (мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану (1995).

Еңбек жолы: «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист (1995-1997); Ақтау қаласы бойынша салық бөлімінің инспекторы (1997); «Мұнайгермес» өнімді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өткізу басқармасы филиалының «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 8-разрядты инженері (1997-1998); «Қарақұдықмұнай» жақ мұнай өндіру шебері, пайдалану инженері, кәсіпшілік менеджері (1998-2006); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті мұнай өндіру мониторингі басқармасының басшысы (1997 минералдық ресурстар (2007-2008); Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары (2009-2010); Мұнай және газ министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры (2010-2014); «BNG Ltd» ЖШС Бас директорының орынбасары (2014-2015); «ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры (2015); «ҚазТрансГаз» АҚ МТҚ басқару жөніндегі басқарушы директоры (2015); «ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры (2015-2016); «ҚазТрансГаз» АҚ департаменті (2016-2018); «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары (2018-2020). 2020 жылғы наурыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып келеді.

10 қыркүйектегі тағы бір кадрлық ауыс-түйіс Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ, жұма күні конкурстық комиссияның қорытындысына сәйкес Алдияр Халелов Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алдияр Сансызбайұлы 1958 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы Желаев аудандық арнайы ауыл шаруашылығы бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, М.Мәметова атындағы колхозы партия комитетінің хатшысы, Трекин ауылдық кеңесінің төрағасы, Трекин ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының әкімі болды. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT