USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2021 жылғы 4 сәуір 15:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық ауыс-түйіске шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО сотына жаңа төраға тағайындалды СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді

29 наурызда Ерлан Құтпанбаев орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Конкурс қорытындысы бойынша Ерлан Құтпанбаев Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Ерлан Құтпанбаев 1980 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман шебері лауазымынан бастаған.

Осы күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды.

Үкімет басшысы қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

Премьер-Министр А. Есімовтің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациясын жүргізу және жаңғырту, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытуды арттыру жөніндегі міндеттерді табысты шешкенін атап өтті.

Асқар Мамин қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап айтты.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының алдында маңызы үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриалдық дамуын қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар, отын-энергетика кешенін дамыту, инвестицияларды тарту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы ұлттық экономиканың одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасау», - деді А. Мамин.

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «механик, қолданбалы математик» мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары – «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары – «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ президенті.

2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

Сондай-ақ, Гамаль Тоқсамбаев Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалды.

Гамаль Тоқсамбаевтың екі жоғары білімі бар: 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Шахтинск ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Содан кейін бірнеше жыл бойы Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында бас хирург болды.

Бес жыл бойы «Облыстық медициналық орталық» КМК директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Асқар Санаубаров Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Асқар Санаубаровтың екі жоғары білімі бар. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Ботақара кентінің қазынашылық бөлімінде түрлі қызметтер атқарған. Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімін басқарды.

2011 жылы Абай ауданына ауыстырылды. Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарып келді.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Азамат Сәлімбаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Азамат Сәлімбаев 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2008-2020 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінде эксперттен бастап басқарма басшысына дейін түрлі лауазымда істеген.

2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Осы тағайындауға дейін облыс әкімінің кеңесшісі болған.

30 наурызда ҚР Үкіметінің қаулысымен Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратында, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-2009 жж. — Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, СҚО әкімі аппаратының басшысы.

Түрлі жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2014 жж. — «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан 2016 жыл аралығында «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жыл аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. 2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметіне Қайрат Қамзин тағайындалды.

Қайрат Қамзиннің екі жоғары білімі бар: 1998 жылы «машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және 2009 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Қарағанды «Болашақ» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Жеке құрылымда әртүрлі қызметтерді атқарды.

Мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының жетекші маманы болды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін – Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.

2007-ші жылдан 2010-шы жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған.

Кейін облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарды.

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды. ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес аталған қызметке Руслан Қайрақбаев келді.

Ол 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі», Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасында өрт бөлімінің аға инженері болып бастаған.

2005-2019 жылдар аралығында Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінде жедел кезекші, бас маман, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында болды.

2 сәуірде Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005–2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Осы күні Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Балжан Шәменова облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Б. Шәменова 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы «Риссовхозстрой» тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.

1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған.

1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған.

2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі.

2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры.

2016-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді.

Түркістан облысы, Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен бұл қызметті Мұрат Қадырбек атқаратын болды.

Мұрат Болатұлы 1980 жылы Шардара ауданында туған. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымында бастаған.

2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы № 2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы лауазымдарын атқарған.

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаментттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен.

2011-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттері басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдан бері Арыс қаласының әкімі болды.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерлан Исабеков Қаратал ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ерлан Исабеков 1977 жылы туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде және «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Джорджтаун университетінде оқып, математик, қолданбалы математика саласының маманы мамандығын және математика, экономика магистрі ғылыми дәрежелерін алған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика мұғалімі болып бастаған. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі сараптама және болжау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, Кедендік кірістер департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жинақтау-сараптама, Методология және талдау, Талдау және есеп, Қаржыны басқаруды мемлекеттік бақылау бөлімдері меңгерушілерінің орынбасары, Жұртшылықпен байланыс және сыртқы байланыстарды үйлестіру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Ермек Омарбеков тағайындалды.

Ермек Сембайұлы 1968 жылы 16 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1993 жылы Үлкен Нарын аудандық ауруханасында педиатр-дәрігер болып бастаған.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Катонқарағай аудандық міндетті медициналық сақтандыру филиалының директоры болды.

Әрі қарай Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері және бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарды.

2005 жылға дейін Катонқарағай аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбек етті.

2005 жылдан бастап Катонқарағай ауданының «№1 медициналық бірлестігі» КМҚК бас дәрігері, кейіннен директоры болды.

2010 жылдан бастап Өскемен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2014 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасына бас дәрігер болып тағайындалды.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының директоры болып жұмыс істеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT