+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 6 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада бірнеше елшілікте, ведомстволарда және әкімдіктерде жаңа тағайындау болды. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстандағы апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Айжан Есмағамбетова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды Елорданың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

Осы аптада ҚР Президентінің Жарлықтарымен бірқатар елші тағайындалды.

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтер Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

***

Бағдат Мусин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды.

Бағдат Батырбекұлы Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

***

Бұл аптада Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды.

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

***

Сенаттың алтыншы сессиядағы алғашқы отырысы жаңа құраммен өтті.

Жоғарғы Палата комитеттерінің құрамы белгіленіп, олардың төрағалары сайланды. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Владимир Волков; Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Ольга Перепечина; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед; Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Дәурен Әділбеков; Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Мұрат Бақтиярұлы; Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.

***

ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қанат Мусин сайланды.

***

Қызылорда облысы Сырдария ауданына жаңа әкім тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, аудандық мәслихат келісімі бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев келді.

Т. Дүйсебаев 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «бухгалтер-экономист», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

***

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімі лауазымына Руслан Рүстемұлы Рүстемов тағайындалды.

Р. Рүстемов 1968 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы ретінде бастаған.

1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

***

ҚР Бас прокурорының 2 қыркүйектегі бұйрығымен Батырбек Слямов Ақмола облысы Атбасар ауданына прокурор лауазымына тағайындалды.

Батырбек Еркімбекұлы Слямов 1985 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2006 жылы бастаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT