+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 2 тамыз 13:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстандағы апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы келді Мәди Такиев Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды

Апта басында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды.

Қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның орнына Нұрлан Солтамбеков тағайындалды.

Ол 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Мамандығы — инженер-құрылысшы. Еңбек жолын ағаш ұстасы цехының шеберінен бастады. Әр жылдар бойы бірқатар басқармаларда түрлі позицияларда еңбек етті. 5 жыл бойы елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Соңғы жылдары «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын»,«отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын» басқарған.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы болып Біржан Кәрімов тағайындалды.

Азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімов бұған дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Ержан Иманісләм Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ержан Иманісләм 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын (техник-механик), 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану саласындағы бакалавр; заң ғылымдарының магистрі) бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы, Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған.

2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сондай-ақ Тайынша ауданының әкімі болды. 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызмет атқарды, оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасын басқарды.

Сондай-ақ, Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.


Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі Айбек Берікұлы Сәттібаев Шымкент қаласының әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Айбек Берікұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі. Ол Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен «Болашақ» стипендиясы аясында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде білім алған.

Еңбек жолында Қазақстандағы түрлі банк мекелерінде, Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитетінің бас маманы, сарапшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, «Uly Dala» компаниялар тобы бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып еңбек еткен. Бүгінгі күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарып келген.

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.

1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.

1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.

2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.

2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.

2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.

2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2019 жылдың 5 сәуірден 2020 жылдың шілдесіне дейін Президентінің кеңесшісі болған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 25 жыл», Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.

Әсем Нүсіпова ҚР ДСМ жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды.

Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Аллен Шәйжүнісов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан кабель компаниясы» ЖШС Ресей Федерациясындағы өкілдігінде бастады. Кейін дипломатиялық қызметте болды, әр жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан футбол федерациясы бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да 1-санатты инженер болып бастады.

2000-2001 жылдары — «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ филиалының жетекші инженері. 2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары — «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы. 2007-2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істеді, онда мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерін құру департаментінің бас маманы, мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламаның АКТ-процестерінің бас менеджері, құзырет орталығы директорының орынбасары, құзырет орталығының директоры лауазымдарын атқарды. 2010-2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-да бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, президенті қызметтерін атқарды.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Тимур Мұратов тағайындалды.


Тимур Мұратов медицина саласында 20 жыл бойы қызмет етіп келеді. Еңбек жолын № 6 қалалық емханада дәрігер болып бастаған. Әр жылдары №2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі, №2 қалалық аурухананың бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, № 2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. Меритократия қағидатына сәйкес дәрігерден «ҚР Президент Іс Басқармасының Медицина орталығының ауруханасы» РМК директорының бірінші орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен.

31 арнаның бұрынғы директоры Бағдат Қожахметов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.


Бағдат Қожахметов бұған дейін «31 арнаны» басқарған, Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болған, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақпарат және қоғаммен байланыс орталығын басқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT