+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 5 сәуір 10:36
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне жаңа төраға келді, өңірлік атқарушы билікте де кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат оқырман назарына осы тағайындауларды ұсынады.

Аптаның ортасында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне депутат Бейбіт Мамраев сайланды.

Бұған дейін ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы қызметін атқарған еді.

1957 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. Ғылым докторы, профессор, академик. Еңбек қызметін 1973 жылы Қарағанды облысының Чкалов атындағы совхоз жұмысшысы ретінде бастаған. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, Қарағанды кооперативтік институтына оқытушы ретінде шақырылған. 1983-1986 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Әдебиет кафедрасының аспиранты. Диссертация қорғағаннан кейін Қарағанды университеттерінде оқытушылық қызметпен айналысқан, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті болған. 1989 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясына ғылыми-зерттеушілік қызметке көшкен.

ҚР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық жұмыс атқарған. Қоса атқарушылық бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры болып жұмыс істеген.

2000-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы секторының меңгерушісі. 2004-2006 жылдары Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінде Кеңесші-Уәкіл қызметін атқарған. 2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы.

2008 жылдан 2012 жылға дейін «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМҚК ректоры. 2012-2016 жылдары «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК ректоры. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 200-ден астам ғылыми басылымдардың авторы, оның ішінде шетел басылымдары.

***

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Асмасхан Сматлаев тағайындалды.

Ол осыған дейін аймақ басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетін және Блумберг университетін (Пенсильвания, АҚШ) тәмәмдаған. «Экономика», «халықаралық экономика», «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша төрт жоғары білімі бар. Сонымен қатар ол мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі атанған. 2009-2011 жылдары - «Корал Групп» компаниясы бас директорының орынбасары болып қызмет етті. 2011-2012 жылдары - «Сервис и Технологии ИНВЕСТ» компаниясының бас директоры. 2012-2014 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссиясында кеңесші. 2014 жылдан бастап облыс әкімі аппаратында жұмыс істеген ол экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды. 2018 жылдан осы уақытқа дейін облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

***

Атырау облысы әкімінің өкімімен Азамат Серікболұлы Сәлімбаев экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына басшы болып тағайындалды.

Азамат Серікболұлы 1985 жылғы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында дүниеге келген.

2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

2008-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіпті дамыту басқармасында эксперт; 2010-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жоспарлау департаментінің бас эксперті; 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің бас эксперті; 2014 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп және жанармай-энергетика кешені саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының басшысы; 2014-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі өнеркәсіп және жанармай-энергетика кешенінің бюджеті басқармасының басшысы; 2019 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі, жанармай-энергетика кешенінің бюджеті және экономикалық қызметті дамыту басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2014 жылы ҚР Қаржы министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT