+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2019 жылғы 3 қараша 11:42
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада бірқатар елшілер жаңа қызметтеріне кірісті. ҚазАқпарат әдеттегідей апта ішінде болған тағайындауларға шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің басшысы тағайындалды Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Теміртай Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Теміртай Рымтайұлы 1957 жылы 10 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1980 ж.), Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (2008 ж.), Ресей СІМ Дипломатиялық академиясында Халықаралық дипломатиялық курстарын бітірген (1999 ж.). Болгариядағы София университетінің доктор (PhD) ғылыми дәрежесіне ие (2015 ж.). ҚР СІМ жүйесіндегі қызметін 1994 жылдан бастап, Қазақстанның Венгрия мен Қытайдағы елшіліктерінде жұмыс істеді. 1997 жылдан 2001 жылға дейін Дюссельдорф-Мейрбуш қаласында (ГФР) ҚР консулы болып жұмыс істеді. 2002 жылы ҚР-ның Аустриядағы Елшілігінің консулы, кейін кеңесшісі болып тағайындалды. 2005 жылдан 2009 жылға дейін Консулдық қызмет департаментінде басқарма бастығы, директордың орынбасары лауазымында және департамент директорының міндетін атқарды. 2009 жылы Болгариядағы Қазақстанның Дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.

***

ҚР Президентінің Жарлығымен Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Тимур Владимирұлы 1973 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1996 ж.). Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референті қызметінен бастап, содан кейін атташе және үшінші хатшы болып жұмыс істеді.1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 2004 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде аға сарапшы, бас инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан бастап 2018 жылдың наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Президент Протоколы бастығының орынбасары болды.Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді.II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.

***

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев 1972 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін (1994 ж.), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (1999 ж.) тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды. 1999-2007 жылдар аралығында Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. 2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.

***

Омаш Серғазы Бағдатұлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Серғазы Омаш 1979 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (экономист), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (инженер), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Фемида» Заң академиясын (заңгер) бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қ. Октябрь ауданы бойынша Салық комитетінің ақпараттық қамсыздандыру және есепке алу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылдан 2009 жыл аралығында Қарағанды қ. Қарағанды облыстық байланыс және ақпараттандыру басқармасында, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында ҚР Агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің Астана қ. ақпараттандыру және байланыс бойынша ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас сарапшысы, бастығы қызметтерін атқарды.

2010 жылдан 2012 жыл аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Астана қ. Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бастығы болды.

2012- 2013 жж. — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2013 жылдан 2018 жыл аралығында ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2018-2019 жж. — ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 2019 жылғы мамырдан тамыз аралығында - «Зерде» ҰАХ АҚ Басқарма мүшесі - төрағасы. 2019 жылғы тамыздан қазірге дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.

***

Манас Орынбасаров шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Манас Ыдырысұлы 1969 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қатынас жолдары министрлігінің Ақтөбе теміржол көлігі техникумын «техник-электрші» мамандығымен, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, ал 2017 жылы «РФ Президентінің Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім мекемесінің магистратурасын «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы 1991 жылы «Өрлеу» өндіріс корпорациясының бас инженері ретінде басталған. 2017-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының директоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру мәселелері жөніндегі басқарушы директоры лауазымдарын атқарды. 2018 жылғы тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

***

Қостанай облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Берік Таңжарықов тағайындалды.

Берік Қуанышұлы бұған дейін облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұл салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар.

***

Ержан Еркінбаев «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

Әртүрлі жылдары Ержан Еркінбаев «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Алматы хайуанаттар бағын басқарған.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанды туристік бағыт ретінде әлемдік деңгейде алға жылжыту мақсатында 2017 жылы құрылған еді.

***

Ғылым қорының кадрлары алмастырылды. Қордың Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды, Қордың да қызметінде өзгерістер болып жатыр.

Қордың Директорлар кеңесінің жаңа құрамына: Зарема Шәукенова (ҚСЗИ директоры), Бибігүл Өтепқалиева (БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары), Амангелді Тойбаев (ҚР Қаржы министрлігінде басқарма басшысы), Мақсат Жабағин (БҒМ Ұлттық биотехнологиялар орталығында зертхана меңгерушісі), Әсемгүл Молдажанова (ЕҰУ бірінші проректоры), Вассилиос Турассис (Назарбаев Университетінде декан), Дөрбетхан Сұраған (НУ профессоры) және О.Құдайбергенов кірген.

Басқарманың жаңа төрағасы Арын Орсариев болды. Ол бұған дейін БҒМ жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT