+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2019 жылғы 15 қыркүйек 17:54
Бөлісіңіз:
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі жаздың соңғы аптасындағы басты кадрлық тағайындауларға шолу ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті СҚО жолдарына патрульдік автокөліктердің макеті қойылды Дәурен Абаев Nur Otan-да азаматтарды қабылдады

Апта ортасында Алматы облыс әкімі аппаратының жетекшісі болған Батыржан Байжұманов енді әкімнің идеология саласына жауапты орынбасары болып тағайындалды.

Батыржан Құлаймергенұлы 1976 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Әр жылдары ҚР Премьер-Министрі және ҚР Президенті Кеңселерінде бас сарапшы, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің «КазАгроИнновация», «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» акционерлік қоғамдары төрағасының орынбасары, 2017 жылдан осы уақытқа дейін облыс әкімі аппаратының басшысы болды.

Ал, Алматы облысы әкімінің аппарат жетекшісі лауазымына Темірлан Бектасов тағайындалды.

Темірлан Амангелдіұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары. 1999-2017 жылдар аралығында Қарасай аудандық сәулеттендіру және жүйелеу басқармасының технигі, инженері, бөлім меңгерушісі, «Сәулет» мемлекеттік-қазыналық кәсіпорыны директорының орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарған. 2017 жылдан осы уақытқа дейін Панфилов ауданы әкімі лауазымында жұмыс істеді.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып Әлия Богданқызы Шалхарова тағайындалды.

Еңбек жолын 1998 жылы Мәдениет және өнерді дамыту Қорының хореографиялық ұжым басшысы болып бастаған. 2016-2018 жылдары ОҚО бойынша мәдениет басқармасының «Түркістан Сарайы» МКК-ң концерттік мекеме директоры қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы болған.

Апта соңына қарай ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен және Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғар және Панфилов аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды.

«Облыс басшысы Амандық Баталов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Панфилов ауданының бұрынғы әкімі Темірлан Бектасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды» делінген баспасөз баянында.

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Ғабидолла Рахметоллаұлы Ә б дірахымов ҚР Үкімет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс Мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқып, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды. Түрлі жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы, «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Шымкент қаласының әкімі лауазымынан 2019 жылдың 30 шілдесінде босатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT