Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қазақстанда аңшылардың саны 130 мыңға жуықтады

2019 жылғы 20 сәуір 10:33 1066
Бөлісіңіз:
Қазақстанда аңшылардың саны 130 мыңға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі 18 шаруашылық интераңшылықпен айналысады. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда аң аулау алқаптары үшін конкурс онлайн түрде өткізілмек Қарағандыда құтқарылған бөлтіріктерге «Тақталас» фильміндегі бөрілердің аттары берілді

«Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы аңшылардың саны 130 мыңға жуық. Олардың көбісі аңшылық ұйымдарда тіркеліп, куәліктерін алады. Содан кейін аңшылық шаруашылықтарға барып, тиісті кезеңде аңның түріне қарай лицензияны сатып алып, аңға шығады. Бұл ретте оларды шаруашылықтардағы қорықшылар бақылап жүреді», - деді ол ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде 29 млн гектар аумақта 701 аңшылық шаруашылық жұмыс істеп тұр.

«Соның ішінде 18 шаруашылық интераңшылықпен (аңшылық туризм) айналысады, яғни шетел азаматтары келеді. Жалпы, аталған шаруашылықтардағы кіріс орта деңгейде, алайда жыл сайын өсім байқалып келеді», - деді С. Ділдахмет.

Осы орайда ол шетел азаматтары еліміздегі таулы өңірлерде аңға шыққанды қалайтынын атап өтті.

«2017 жылы заңға тиісті өзгертулер қарастырылып, «фермерлік аңшылық шаруашылығы» түсінігі енгізілді. Бұл тұрғыда шаруашылықтарға фермерлік түрде аңды өсіріп, аңшылық ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі. Осы ретте аңдарды өздері өсіріп, мүмкіндігінше табиғатта жүрген жануарлар санын азайтпауға қадам жасалды», - деді баспасөз хатшысы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT