Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Қазақстанда аналар өлімі көбінесе неден болады - министрдің жауабы

2018 жылғы 13 шілде 17:28 1177
Бөлісіңіз:
Қазақстанда  аналар өлімі көбінесе неден болады - министрдің жауабы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов босанған аналар өліміне себеп болатын негізгі мәселелерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 1,5 есеге төмендеген Алматыда жыл сайын 200-ден астам адам иіс тиіп уланады

"Өкінішке қарай, бүгінде республика бойынша аналар өлімі көбейіп отыр. Енді аталған көрсеткіш бірде жоғары, бірде төмен болып жатады. Аналар өліміне себеп болатын жағдайлар көп. Бұның барлығы жан-жақты зерттеледі. Дегенмен, бұған дейінгі жағдайларды алатын болсақ, талдаудың нәтижелері ауыр патологияның болғанын көрсетіп отыр. Ал ондай патологиялар болғанда бала көтеруге болмайды. Дегенмен, әйелдер оған қарамайды. Сосын жүкті болғаннан кейін ауруxанаға дұрыс қаралмайды", - деді Е.Біртанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Министр Астанадағы перинаталдық орталықта болған жағдайды да еске алды. Ол кезде үш бірдей босанған ана қайтыс болған еді.

"Енді, ондай кезде сараптама жасалады. Оған біраз уақыт кетеді. Себебі патологоанатомдық және морфологиялық зерттеу жүргізіледі. Қазіргі кезде дәл осы сараптамалар әлі де жасалып жатыр. Бізде қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бар. Алдағы уақытта комитет төрағасы Жандарбек Мұxтарұлы сараптаманың қорытындысын жариялап, үш ананың өліміне себеп болған мәселелерді міндетті түрде айтып береді. Бұл құпия ақпарат емес", - деп атап көрсетті Е.Біртанов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат