Қазақстанда ана өлімі 9 пайызға төмендеді - Елжан Біртанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ана өлімі - 9, нәресте өлімі 6,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізіп жатқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 3 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартудың оң динамикасы байқалады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 0,85 жасқа ұлғайды, жалпы өлім 3 пайыздан аса, ана өлімі 9 пайызға төмендеді. Нәресте өлімі 6,5 пайызға азайды. Туберкулезден болатын өлім 29 пайызға төмендеді», - деді министр.null

Оның атап өтуінше, елімізде халықтың денсаулығын нығайту мақсатында ұлттық скринингтік бағдарлама жүргізіліп жатыр. Ол ересек тұрғындар мен балаларды жедел зерттеудің 7 түрін қамтиды. Биыл 7 миллионнан астам адамды қамтитын 12 миллионнан астам тексеру жүргізілді. 304 мыңға жуық ауру анықталып, шамамен 260 мың адам есепке алынды.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес қоғамдық денсаулықты басқару бойынша шаралар жоспары қабылданып, мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа стандарттар енгізілді. Толықтай алғанда, 12 миллионнан астам адам салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларына тартылды. Вакцинация халықтың денсаулығын нығайтудағы маңызды шаралардың бірі саналады. Елімізде вакцинация алуға тиісті халықтың 97 пайызына екпе жүргізілді. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сай келеді», - деді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар