Қазақстанда ана капиталы енгізіле ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов ана капиталын енгізу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ана капиталы уақытша іс-шара болып саналады және халықтың табиғи кему процесін еңсеру үшін тууды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады. Ана капиталы өмір бойы бір рет немесе екі рет сертификат түрінде белгілі бір мақсаттарға беріледі. Мысалы, бұған тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларды тәрбиелеу, мүгедектігі бар баланы қоғамға бейімдеу және біріктіру, ана зейнетақысының жинақтаушы бөлігі жатады. Сонымен қатар, сертификат иелері әрқашан ана капиталын пайдалана алмайды. Мысалы, тұрғын үй сатып алу үшін ипотеканы рәсімдеу кезінде соманы бастапқы жарна ретінде енгізу үшін төлем қабілеттілігін растау керек, ал балаларды оқыту үшін мектепті бітіргенін күту қажет», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Асқар Ниязовтың дерегінше, еліміздегі ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесі өтелетін тәуекелдің бүкіл ұзақтығы ішінде жәрдемақыларды төлеудің уақтылығы мен кезеңділігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бала тууды арттыру мәселесі Қазақстанда проблемалық аспект болып табылмайды. Өйткені 2020 жылы бала туу коэффициенті 3,13-ке жетті. Ал халықтың өзін-өзі өсіруі үшін жеткілікті деңгей 2,1 болып саналады.


Соңғы жаңалықтар