Қазақстанда «амфибия» әскери қызметшілерді дайындау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде амфибиялық бөлімшелерді дайындау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Спорттық комитет - Армияның орталық спорттық клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғыш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубының (АОСК) базасында су астындағы бастапқы әскери дайындық курстары басталды.

Курс екі бөліктен тұрады: теориялық және практикалық (семинарлық). Әскери қызметшілер даярлықтан бір ай уақыттың ішінде өтпек. Оқыту барысында су астындағы даярлық бойынша оқыту құрылғыларын, жаттығу құралдарын, оқыту қарулары мен техникаларды, уақыт пен тәулікті барынша тиімді қолдану қарастырылған. 
nullnull

Курстың аға нұсқаушысы - су астында жүзу бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Васильев.

Айта кетерлігі, оқып жатқандармен бірге курстан Спорттық комитеттің төрағасы - АОСК бастығы полковник Расул Мейірманов та өтіп жатыр.

«Осы жылдың басында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасымен Алматы қаласындағы Армияның орталық спорт клубының базасында Судағы даярлық орталығы құрылған болатын. Орталықтың басты міндеті - ҚР Қарулы Күштерінің амфибиялық бөлімшелерінің судағы дайындығын қамтамасыз ету. Ол бойынша дағдыны жетілдіру, амфибиялық бөлімшелердің шеберлігін шыңдау болатын», - делінген хабарламада.

Курсты аяқтаған әскери қызметшілерге «Су астындағы бастапты даярлық курсынан өткені туралы» сертификат беріледі. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар