+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстанда Amazon арқылы экспортты арттырған компания бар - Дәурен Абаев

2019 жылғы 18 сәуір 22:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Amazon арқылы экспортты арттырған компания бар - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында электрондық сауда алаңы арқылы табысқа жеткен компания жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше қазақстандық Форбс сайтынан құрғақ бие сүтін өндіретін Saumal бренді туралы материал оқыдым. Кәсіпорын 2015 жылы Қарағандының шалғай ауылында ашылған. Ал бүгінде өнімнің шетелге экспорт көлемі 30 тоннаны құрады. Әсіресе, АҚШ, Араб Әмірліктері, Қытай мен Ресей саумалға ерекше қызығушылық танытып отыр», - деді ол.

Министрдің айтуынша, бие сүтін сауудан сублимацияға дейінгі өндірістің барлық циклі автоматтандырылған және бұл циклге тауарды өткізу процесін де қосуға болады.

«Өйткені, саумал АҚШ-тың электронды Amazon алаңында жақсы сатылып жатыр. Бұл заманауи қазақстандық компанияның халықаралық нарықта жаңа технологияларды меңгеріп, тиімді жұмыс істей алуының керемет үлгісі», - деді Дәурен Абаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT