+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қазақстанда алтын өндірісі қаңтар-шілдеде 3,3% артты

2019 жылғы 15 тамыз 15:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанда алтын өндірісі қаңтар-шілдеде 3,3% артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 56 289 кг құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 558 195 кг-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3% аз.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6% төмендеп, 965 179 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 10,3% пайызға азайып, 79 534 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 3,3% артып, 192 258 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 3,4% пайызға өсіп, 270 078 тоннаға жетті.

Автор: Асхат Ахметбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT