Қазақстанда алтын өндірісі артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын өндірісі 71 361 келіні құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,9% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Аталған кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күмісті өндіру көлемі былтырғымен салыстырғанда 10,4% азайып, 711 280 келіні құрады.

 

Соңғы жаңалықтар