Қазақстанда алтын өндірісі 5,8% артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 48 111 кг құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 471 391 кг-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% аз.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,2% төмендеп, 823 565 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 10,8% пайызға азайып, 67 787 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 3% артып, 163 883 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 13,8% пайызға өсіп, 227 098 тоннаға жетті.


Соңғы жаңалықтар