Қазақстанда аллергология диагностикасының әлемдік озық тәсілі енгізіледі - ҚР бас балалар аллергологы Ж.Испаева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Еуропалық аллергологтар мен иммунологтар қауымдастығына кірді. Ендігі кезекте Қазақстанда аллергология диагностикасының әлемдік озық тәсілі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Демікпе және аллергия» конференциясы барысында ҚР бас балалар аллергологы Жанат Испаева мәлімдеді.

«Ел медицинасы үшін бұл жаңалықтың маңызы зор. Ендігі кезекте Қазақстан аллергия және демікпе дертімен күрестің әлемдік озық тәсілдерін ендіретін болады. Бүгінгі болып жатқан съезд соның алғашқы қадамы десек артық емес. Бүгінгі отырыстың жаңалығы тек аллергия дертін емдеу туралы емес, сондай-ақ дертті дұрыс анықтау болып отыр. Қазіргі кезде әлемде аллергия, демікпені анықтаудың молекулярлық тәсілі кең қанат жаюда. Бұл ноу-хау енді Қазақстанға енгізілетін болады», - деді ол. Маманның айтуынша, Қазақстанда 600-ге тарта аллерген бар. Ғылымның алға жылжуымен қатар аллергендердің қатары да жылдан-жылға көбейіп келеді. Қазақстанда жыл сайын аллергия, демікпемен ауыратындардың саны 10-15 пайызға артуда. Бүгінгі конференцияға әлемнің 8 елінен - Германия, Австрия, Грекия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Ресей, Украина елдерінен жетекші мамандар қатысуда. Отырыс барысында қауіпті дертпен тиімді күрес жүргізу тәсілдері, емдеу, диагностика мәселелері талқыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар