+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстанда Alibaba-ның желісі ашылуы мүмкін

2019 жылғы 9 қыркүйек 11:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Alibaba-ның желісі ашылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әлемдегі ең ірі Alibaba электронды сауда компаниясының желісі ашылуы мүмкін. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар жыл басынан бері жарты триллион теңгеге көлік сатып алған Brexit Қазақстанға қалай әсер етеді 200 теңгелік монета айналымға шығады

«Біздің министрліктің негізі бағыттарының бірі электронды сауданы дамыту болмақ. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Таяудағы Мәскеуге сапарым барысында Ресейдегі №1 желі –Wildberries-пен келісімге қол қойдық. Олар бізге, Қазақстанда электронды сауданы дамытуға көмектеседі», - деді ол ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйектегі Қытайға сапары барысында Alibaba жүйесімен Танысу жоспарланып отырғандығын айтты.

«Мемлекет басшысының таяу күндердегі Қытай халық Республикасына сапар аясында Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отыр. Ынтымақтастық және осы жерде меншікті желісін дамыту, электронды сауда жүйесінде отандық тауарларды ілгерілету мәселесін талқылаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT