Қазақстанда әлі КСРО паспорттарымен жүргендер бар – ІІМ

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында азаматтығы жоқ адамдарға және құжат алумен байланысты қиындықққа тап болған азаматтарға кқмек көрсетужұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен бірлесіп, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ еліміздің тұрғындарына көмек көрсетуде.

«Ішкі істер органдары құжаттары жарамсыз адамдардың Қазақстанда тұру деректерін анықтап жатыр. Олардың арасында КСРО паспорттарын уақытылы алмастырмаған Қазақстан азаматтары да, ТМД елдерінің мерзімі өткен құжаттарын ұстап жүргендер де бар. Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттары ұстап жүрген 867 адам, ал 2019 жылы - 1 727 адам құжаттандырылды»,- деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.

Оның айтуынша, осы жылдың өзінде Алматы облысы бойынша 400 адамның құжаты тексеріліп, олар Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. 3157 шетелдік ҚР тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш берді, 254 адам жеке басын куәландыратын құжат алуға көмек көрсетуді сұрады.

«Алматы облысында қартайған шағында алғаш рет немесе азаматтығы жоқ адамның алғаш куәлігін алған жағдайлар болды. Жыл соңына дейін жалғасатын акция барысында ішкі істер органдары ҮЕҰ-ның көмегімен мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтайды. Содан кейін көші-қон қызметі оларға мәртебелерін анықтауға көмек көрсетеді және ҚР азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдейді»,-деп толықтырды Сабыржан Сейітжанов.

«Біз бұл науқан еліміздің барлық өңірлерін қамтып, азаматтығы белгісіз тұлғалар бойынша нақты статистикалық деректерді анықтауға, сондай-ақ құжаты жоқ адамдарға олардың құқықтық мәртебесі мен құқықтық сәйкестігін айқындау жөніндегі жағдайды шешуге мүмкіндік береді деп күтеміз»,- деп қорытындылады Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Дживага.


Соңғы жаңалықтар