Қазақстанда алғашқы «жасыл» облигациялар шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы алдағы 12 айда алғашқы «жасыл» облигацияларды шығару мәселесімен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы қадамдар өте маңызды болмақ. Біз мұнда алғашқы «жасыл» облигацияларды қалай шығару қажеттігін түсіну үшін Астана әкімдігімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы 12 айда дәл осы мәселемен айналысатын боламыз», - деді Орталық басшысы Қайрат Келімбетов Астанада өткен «жасыл» қаржы жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу туралы конференцияда.

Ол жақында ғана құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында орналасатынын еске салды. Келімбетовтің айтуынша, ағылшын құқығына негізделген реттеуші база құрылды. Халықаралық тәуелсіз төрелік соттарды құру жұмыстары да аяқталып келеді. Сонымен бірге, екі ойыншысы бар жаңа биржа құрылып жатыр: америкалық NASDAQ биржасы IT-платформамен қамтамасыз етіп, АХҚО серіктестерінің біріне айналады, ал Шанхай биржасы құрылып жатқан биржаның акционері болуға дайын екенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар