Қазақстанда алғашқы Пікірсайыс федерациясы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның алғашқы Пікірсайыс федерациясы ресми таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйым елдегі пікірталас қозғалысын жандандыруға, додалар өткізу және оларды насихаттауға, халықаралық додаларға қатысатын жас сайыскерлерді даярлауға бағытталған.

«Жаңа ұйым Қазақстанда пікірсайыс қозғалысын дамытуға серпін береді деп отырмыз. Қазақ бұрыннан халқы суырып салма ақындарға, қызыл тілді шешендерге бай болған, қазіргі ұрпақ та соны үлгі етіп келеді. Пікірсайыстар көптеген жастың мамандық таңдауына көмектеседі. Федерация әлі жастардың өмірде өзін табуына, өзгелерді мойындатуына көмектеседі деп сенемін», - дейді «Қазақстан Пікірсайыс Федерациясы» РҚБ президенті Болат Бұхарбай.

Шарада сайыскерлердің бір-бірімен байланысуына арналған сайт пен мобильдік қосымша да таныстырылды. Әрі «Jastar Alany 2019» республикалық турниріне қорытынды жасалды. Онда үздік сайыскер атағын алу үшін 18-29 жас аралығындағы 120 сөзуар қатысты.

«Бұл оқиға елдегі пікірсайыс қоғамдастығын ерекше қызықтырды. 133 фракция өтінім берді, комиссия шешімімен 60 фракция турнирдің финалына қатысты. Ойыншылар мен төрешілерге арналған семинарлар мен тренингтерді де үзбей өткізіп отырдық. Қатысушыларға сертификат берілді, енді олар өз өңіріне барып тренинг өткізе алады», - дейді «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Дәулет Кәрібек.

Авторы: Әйгерім Аңсағанова

Соңғы жаңалықтар