Қазақстанда алғашқы онлайн үйлену тойы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның «Спарта» КТК командасының капитаны Данияр Жұмаділов «Жаса» акциясына қосылып, тың бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен де тыс қалмай, «Жақсылық жаса» акциясына қатысайын деп шештім. Жас жұбайлар махаббатының үздік оқиғасына арналған байқау жариялаймын. Жүлде – Instagram-ның тікелей эфирінде онлайн үйлену тойын өткізу. Онда беташар, шоу-бағдарлама, шоу-балет, шақырылған жұлдыздар - бәрі болады», - деп жазды Данияр Жұмаділов Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бірінші Instagram-үйлену тойының басты кейіпкері болу үшін отбасын құруға ниетті жұптар вайн, қалжың, лирика түрінде өздерінің махаббат тарихына қатысты қысқа видео түсіріп жіберуі тиіс.

«Тікелей эфир барысында барлық жұптың ішінен жеңімпазды ұлым Әли тосын түрде таңдап алады. Ал біз керемет онлайн-үйлену тойын өткізіп береміз. Өз атымнан да сыйлық жасаймын. Видеоға #instaсвадьба #жаса #действуй хештегін қойыңыздар. 10 күннен кейін тікелей эфирде қорытындысын шығарамын. Барлықтарыңызға сәттілік, табыс тілеймін. Жақсылық жасаңыздар!», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар