+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қазақстанда алғаш рет зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесі әзірленбек

2021 жылғы 25 қыркүйек 17:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанда алғаш рет зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесі әзірленбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан тарихында алғаш рет әуе-ғарыштық және зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесінің элементтерін қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы мәселе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдамасында қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып көз жұмды Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігі үшін 15 құтқару лашығы орнатылды Тоқаев ТМД елдері басшыларын тұщы су проблемасын бірлесіп шешуге шақырды

Тұжырымдамада, елдің орасан зор аумағын және шекаралардың ұзақтығын ескере отырып, әскери-көлік авиациясының күштері мен құралдарын жетілдіру арқылы әскерлердің мобильділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Сондай-ақ, арнайы операцияларды орындайтын күштерді дамытуға баса мән берілген. Қоғамның барлық саласын цифрландыру шеңберінде Қарулы Күштердің кибер- және ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттер жөніндегі әлеуеті күшейтіледі.

«Қос мақсаттағы», яғни соғыс және бейбіт уақытта, соның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қолданылатын компоненттерді дамыту жоспарланған. Ең алдымен, мұндай құрамдарға әскери медицина, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, инженерлік әскерлер, әскери-көліктік авиация жатқызылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT