Қазақстанда алғаш рет UFC турнирі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ММА шеберлерінің танымал менеджері Саят Әбдірахманов Қазақстандағы UFC алғашқы турнирінің өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұрын орындалмайтын арман болып көрінген дүние жүзеге асайын деп тұр. UFC Қазақстан. 13 маусым», - деп жазды Саят Әбдірахманов Instagram парақшасына.

Еске салайық, қазақстандық Шафкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұловтың UFC-мен келісімі бар. Бұдан бөлек, еліміздің тағы бір өкілі Сергей Морозов танымал промоушенмен келісім жасауы мүмкін.

Бұдан бұрын Жандос Жұмағұлов ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында барлық аты аталған балуандардың Қазақстандағы турнирде жекпе-жек өткізе алатынын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар