Қазақстанда алғаш рет робототехникадан чемпионат өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда робототехника бойынша «IITU Robocon 2019» чемпионаты ашылды. Жарыста Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ЖОО студенттерінен құралған 15 команда бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл чемпионат биылғы жастар жылы тақырыбына орай «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

«IITU Robocon 2019» чемпионаты - Arduino платформасының базасында өткізілетін робототехника командалары арасындағы жарыс. Ол жас ғалымдарға робот құрастыру және механика, одан кейін электроникадан бастап роботтың интеллект бағдарламасын жазуға мүмкіндік береді.

«Мұнда ең мықты командалар жиналды. Барлығы чемпион болуға лайық. Біздің мемлекет үшін осындай шараларды өткізу, әсіресе «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өте маңызды», - деді Халықаралық IT-университетінің проректоры Медет Тұрғамбаев.

Ұйымдастырушылар чемпионатты робототехника саласында жастардың білімін тереңдету үшін ұйымдастырып жатқанын айтты.

«Біз жас ғалымдарда шығармашылық еркіндік болғанын қалаймыз. Олар өз идеяларын айтудан қорықпауы керек. Біз олардан бір өнім жасауды талап етпейміз. Болашақта олардың стартап жобаларын қолдауды мақсат етіп отырмыз», - деді ҚР Тұңғыш президенті қорының қызметкері Жанар Темірбекова.

null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар