-
ОНЛАЙН:
Қазақстанда алғаш рет педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттелді.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден, алғаш рет елімізде педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттеліп отыр. Яғни, осы ережелерге сәйкес педагогикалық қызметтің хронометражы жасалып, реттелетін болады. Екіншіден, осы уақытқа дейін біздің педагогтарымыз істеуге мәжбүр болып келген түрлі жұмыстар, алуан түрлі сауалнама алуға жұмылдыру жайттары көп болған еді. Ендігі уақытта білім саласындағы заңнамада көзделмеген кез келген жұмысқа педагогты тартуға тыйым салынады», - деді вице-министр деді БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің «Сайлау туралы» Заңы ғана педагогтерді белгілі бір жұмыстарға тартуға мүмкіндік береді.
«Дегенмен, ол ең алдымен жұмыстан тыс уақытта болуы тиіс. Екіншіден ол педагогтың келісімімен жүзеге асырылуы керек. Үшіншіден оған ақы төленуі қажет. Педагог балаларды оқытумен, тәрбиелеумен ғана айналысуы тиіс. Ол өзге жұмыстарға тартылмауы керек. Бұл жайында «Педагог мәртебесі туралы« Заңда нақты жазылған», - деді Бибігүл Асылова.
- Алматыда ҰБТ басталды: санитарлық нормаларды сақтау ерекше бақылауға алынды
- Ақтөбеде оқушылар замандастарын емтиханға тегін дайындап жүр
- Қазақстандық оқушылар өздерінің бизнес жобаларына инвестиция тарта алады
- Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды
-
Коронавируспен күрес: Елордада сынақ ҰБТ-ға дайындық басталды
-
Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам