+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда алғаш рет мобильді кино фестивалі өтіп жатыр

2020 жылғы 13 сәуір 14:40
Бөлісіңіз:
Қазақстанда алғаш рет мобильді кино фестивалі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазақстанда «Mobile Blockbuster film festival» (MBff) қысқа метражды фильмдердің алғашқы фестиваль басталды. Жобаның ерекшелігі – байқауға қатысатын барлық фильмдер планшет немесе телефон камерасына түсірілуі қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үздік шығармашылық ұжымдар онлайн-концерттерін ұсынуда Желіде Виктор Цой әндерінің негізінде түсіріліп, қашықтықты сақтауға үндеген бейнеролик шықты Димаш Құдайберген Алматыда өзі бейнеленген муралға қатысты ойын білдірді

Жоба арқылы фестиваль ұйымдастырушылары - сценарист және режиссер Дмитрий Байназаров бастаған MBff Production тобы карантин кезеңінде шығармашылық қайраткерлерге қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық энергиясы мен дарынын жаңа бағытқа бұруға шешім қабылдады.

«Мобильді киноның кино индустрияға жаңа формат ретінде енгеніне 10 жылдан астам уақыт болды. Алайда, біздің елде және бүкіл ТМД елдерінде өнердің бұл түріне қызығушылық енді ғана артып келе жатыр. Заманауи гаджеттердің қосымша жабдықтарсыз және шығынсыз жоғары сапалы фото немесе видео жасайтын мүмкіндігі бар. Мұндай технологиялар талантты режиссерлер мен операторларға өз идеяларын жүзеге асыруға, эксперимент жүргізуге, жаңа визуалды шешімдерді іздеуге, сол арқылы сандық технологиялармен бір бағытта қозғалуға мүмкіндік береді. Осы орайда, Адам потенциялын дамытуды мақсат тұтатын Тұңғыш Президент Қоры мобильді кино форматындағы отандық кино өндірісіндегі жаңа есімдерді қолдауға дайын», - дейді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Mobile Blockbuster film festival байқауының тақырыбы – «маскалар». Маскалар сөзінің мағынасы кең. Ол медициналық, театрлық, әлеуметтік және адамның күнделікті өмірде киетін маскасы болуы мүмкін.

Байқауға қатысу үшін фильмді тек смартфонға немесе планшетке түсіру керек. Фильмдердің жалпы ұзақтығының 10%-ын дронмен немесе экшн-камералармен түсіруге болады. Шамдар, крандар, арбалар, «петличкалар» және т.б. осындай кез-келген өндірістік жабдықтарға рұқсат етіледі.

Бейне файлдардың жүктеу жүйесіне жүктелген сілтемесін және арнайы формада толтырылған өтінімді фестивальдің MBfilmfest.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек.

Қатысушыларды тіркеу және жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 12 сәуірінен 15 мамырына дейін жүргізіледі. MBff жеңімпаздары 2020 жылдың 17 мамырында онлайн форматта анықталады.

Байқаудың толық шарттары fpp.kz сайтында «Байқаулар» бөлімінде және mbfilmfest.com сайтында жарияланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT