Қазақстанда алғаш рет армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионаты өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеті мемлекеттен келген армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік өкілдері ТМД чемпионы атағы үшін сынға түсті.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің 80-нен аса әскери спортшылары армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД Чемпионатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Турнир алғаш рет Қазақстанда – Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының базасында өтті. Әскери спортшылар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жалпыкомандалық есепте қазақстандық әскери қызметшілер бірінші орынды қанжығасына байлады. Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды. Біздің спортышлардан кейін, екінші орынға Ресейдің әскери қызметшілері жайғасса, үшінші орынға Өзбекстан командасы табан тіреді.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов чемпионат барысын қадағалап, сондай-ақ үздік әскери спортшыларды марапаттады.

Жарыс қатысушыларына сөз сөйлеу барысында ол, ҚР Тұңғыш Президентінің спортпен айналысу арқылы, адамға ғұмыр бойы қажетті жеңіске деген ерік, беріктілік, белгіленген мақсатқа жетуге деген ұмтылыс сынды маңызды қасиеттер дамитынын атап өтті.

Аталмыш турнир 2020 жылы Алматы қаласында болатын ТМД-ға мүше мемлекеттердің достық армиясының ІІІ Әскери-спорттық ойыны аясында өтті.

Қазіргі таңда армиялық қоян-қолтық ұрысы бүкіл әлемде жақсы дамып келе жатыр. Оның өркендеуі қорғану тәсілдері мен шабуылды үйрететін әмбебап жүйеге байланысты. Ол спорт түрі ретінде өзіне әлемдік арсеналдағы күрестің түрлі функционалды элементтерін қосады. Әскери қызметшілердің армиялық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін білу қарусызда қорғануына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар