+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қазақстанда әлеуметтік желіні қолдану сауаттылығын арттыру курсын ұйымдастыру ұсынылды

2021 жылғы 27 қыркүйек 13:12
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әлеуметтік желіні қолдану сауаттылығын арттыру курсын ұйымдастыру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әлеуметтік желіні қолданушылардың сауаттылығы мен мәдениетін арттыру қажет. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде қосылған жаңа әлеуметтік желі: Қазақстандықтарды қандай мәселелер толғандырады Қазақстанда жаңа әлеуметтік желі пайда болды

«Менің ойымша, елімізде алдымен әлеуметтік желіде реттеу керек. Және халықтың оны қолдану мәдениетін көтеру қажет. Мүмкін, халықтың әлеуметтік желіні қолдану сауаттылығын арттыру үшін тегін курс ұйымдастыру керек шығар. Бүгінде әлеуметтік желіні барлық адам қолданады. Және олардың журналистикаға қатысы бар, себебі олар желіде отырып ақпарат тарата алады. Әрине әр адам әлеуметтік желіні қолдануға және желіде өз пікірі мен азаматтық позициясын білдіруге құқылы. Ал желідегі сол жазбаның заңдылығы мен растығы, әдептілігі пен әділеттілігі ол басқа мәселе. Осы орайда азаматтардың желіні қолдану сауаттылығы мен мәдениетін көтеру керек», - деді Ерлан Саиров елордада өтіп жатқан «Astana Media Week – 2021» медиа апталығы барысында.

Халық қалаулысының айтуынша, елімізде әлеуметтік желіні қолдануды жүйелеу қажет.

«Мүмкін әлеуметтік желіні қолданудың кодексін әзірлеу керек шығар. Ол көпшілікке түсінікті және билік пен қоғам үшін тиімді болуы тиіс», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік өткір тақырыптарды таратуда тілшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы сөз қозғады.

Одан бөлек, министр елімізде салалық журналистиканы дамытуға аса мән беріліп жатқанын тілге тиек етті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT