+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қазақстанда әлеуметтік төлем мөлшерлері 30 пайызға артады

2019 жылғы 12 маусым 16:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әлеуметтік төлем мөлшерлері 30 пайызға артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайдыы ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - еңбек өтілі мен әлеуметтік төлем мөлшерінің арасындағы өзара байланысты күшейту, сондай-ақ 2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерлерін орташа есеппен 30 пайызға арттыруды қамтамасыз ету.

«Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заң жобасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 3 түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарастыру көзделген. Біріншіден, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеге қатысу өтілінің коэффициентін қайта қарау ұсынылады. Бұл коэффициент 3 әлеуметтік төлемнің мөлшерін айқындау кезінде қолданылады. Бүгінгі күні 5 жыл және одан көп өтілі бар азаматтар үшін бірдей коэффициент (1,0) қолданылып келеді. Осылайша жүйеге 5 жылдан көп қатысқан адамды ынталандыру тетігі қарастырылмаған. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2 пайызға арттыру ұсынылады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Белгілі болғандай, 2018 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 5 жылдан көп қатысқан азаматтар саны 3,4 млн адамды немесе қатысушылардың жалпы санының (6,1 млн адам) 55 пайызын құрады. Сондықтан, бұл өзгеріс төлем алушыларға оң әсерін тигізетін болады.

«Екіншіден, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгіленген жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейіне (30%-дан 100%-ға дейін) сәйкес анықтау ұсынылады. Бүгінгі күні еңбек ету қабілетінен айырылудың орташа коэффициенті қолданылады, яғни мүгедектігі бар адамдардың нақты қажеттілігі ескерілмейді. Заң жобасында осы мәселені реттеу көзделген. Мәселен, 65 пайызға берілсе, коэффициент - 0,65, 80 пайызға - 0,8, ал 100 пайызға берілсе, коэффициент 1-ге тең болады», - деді министр.

«Мысалы, азаматтың орташа айлық табысы 100 мың теңге. Ол 7 жыл жұмыс істеп, әлеуметтік аударымдары төленген болса, онда еңбек ету қабілетінен 65 пайызға айрылған жағдайда, әлеуметтік төлемнің мөлшері қолданыстағы формула бойынша 22 988 теңгені, ал Заң жобасындағы жаңа формула бойынша 31 080 теңгені (өсім 35%) құрайды. Бұл төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істеп, әлеуметтік аударымдары төленген азаматтарға беріледі. Оған қоса, базалық деңгейден мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы қоса тағайындалады, 2-ші топтағы мүгедек үшін оның мөлшері биылғы жылы 45 438 теңгені құрайды, сонда төлемнің жалпы сомасы айына 76 518 теңге болады», - деді Б. Сапарбаев.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді алушылар саны 83,1 мың адамды қамтыды. Төлемнің сомасы 12,3 млрд теңгегеге жетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT