Қазақстанда әлеуметтік нысандардың 96 пайызы мүгедектерге бейімделген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 34,3 мың нысанының 96,6 пайызыы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру мақсатында бейімделді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34 301 нысанның (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мәдениет үйлері, теміржол және автовокзалдар, әуежайлар және т.б.) жалпы санынан жергілікті атқарушы органдар 33 642 нысанға паспорттау жүргізді. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта жағдайларының сақталуын, яғни пандустарды, дыбыстық/визуалды/акустикалық/сезгіш құрылғыларды, ақпараттық белгілерді орнатуды, тұрақ үшін орындар бөлуді және тағы басқаларымен қамтамасыз ету үшін паспорттау жүргізілді. Мұндағы мақсат әрбір қазақстандық өзінің денсаулығына қарамастан, осы нысандарға кіре алуы керек», - деп атап өтеді Еңбек министрлігінен.

Ведомство мәліметінше, паспортталған 24 452 нысан мүгедектерге бейімделуі қажет. Қазіргі уақытта 23 314 нысан бейімделді. Осылайша, паспортталған нысанның жалпы санының 96,6 пайызы мүгедектерге бейімделіп отыр.

«Нысандарды 100 пайыз бейімдеу Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылды. Батыс Қазақстан облысында – 99,4, Атырау облысында – 98,6, Ақтөбе облысында – 98,5, Қызылорда облысында – 98,1, Маңғыстау облысында – 97,3, Шымкент қаласында – 96,1, Павлодар облысында – 96, Нұр-Сұлтан қаласында - 95,4, Түркістан және Қостанай облыстарында – 95, Жамбыл облысында – 94, Алматы облысында – 92,2, Ақмола облысында – 83,3 пайыз бейімделген», - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар